Білім

Петропалда информатика пәнінен облыстық олимпиада өтті

Бүгінгі тапсырма да жеңіл емес. Бірінші оқушылар өздерінің информатика кітаптарынан алып жинақталған сұрақтар бойынша тест тапсырды. Ал келесі кезең күрделірек. Ол үш тапсырмадан тұрады.

Ярослав Кардашов, №7 орта мектептің информатика пәні мұғалімі:

-Мәслен 5-ші сыныпты алсақ, олар Пейнт редакторында қосымшаларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды. Келесі тапсырмалар Ворд пед арқылы орынладады. Ал одан жоғары сыныптардікі күрделірек. Олар майкрасофд ворд, паскаль тіл бағдарламасы сынды қосымшаларда жұмыс жасайды.

Жалпы «Сенімді қолданушы» олимпиадасы биыл өңірде эксперименттік түрінде алғаш рет өткізілуде. Тек 5-8 сынып оқушыларын қамтыған.

Ирина Якимова, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығының әдіскері:

-Оқушалардың интернеттегі мәдениетті түсініп, әрі оны дұрыс пайлана алуы үшін «Сенімді пайланаушы» олимпиадасы ұйымдастырылды. Бұл үшін Білім басқармасының жанынан арнайы информатика пәні мұғалімдері мен мамандардан жасақталған топ құрылды. Олар осы білім сайысы үшін арнайы сайт құрып, байқау шарттарын жасап шықты.

Білімділер олимпиадасы бірнеше сағатқа созылады. Ең жоғары 120 ұпайды жинай алған оқушы үздік деп танылмақ.

 

 

Акбопе Танирберген