МТРА жаңалықтары

Наурыздың 20-сы күні СҚО-да 697 сайлау учаскесі жұмыс жасамақ

Сергей Худяков – “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы” РҚБ өңірлік филиалының жетекшісі:

-Бұл саяси науқанға біздің өңір толығымен дайын. Байқаушылар да жұмыстарын бастауға әзір. Әр ауданның өз аға байқаушысы бекітілген. Бірақ, оларды оқыту әлі жүріп жатыр. Тиісті құжаттар да даяр.

Солтүстік өңірден депутаттыққа 217 үміткер тіркелген. Оның 167-сі – аудандық, 19-ы -қалалық, қалған 31-і облыстық мәслихатқа ұсынылып отыр. Халық қалаулысын таңдау мүмкіндігіне еліміздің кез келген тұрғыны ие. Тіпті, шекара асқан азаматтар да шет мемлекетте жүріп дауыс бере алады.

Сергей Худяков – “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы” РҚБ өңірлік филиалының жетекшісі:

-Сайлауға шетелдегі қазақстандық азаматтар да қатыса алады. Бірақ, өзге мемлекетте олар тек Мәжіліс депутаттарын таңдау мүмкіндігіне ие. Мәселен, бүгінде сайлау учаскелері 51 елде құрылған. Оның 5-уі көршілес Ресейде орналасқан. Сондықтан, наурыздың 20-сы еліміздің барлық азаматтары өз таңдауын жасамақ.

Айту керек, бүгінде өңірімізде Ресей мен даниялық екі байқаушылар комиссиясы жұмыс істеуде. Осы мақсатпен сайлау күні тағы бірнеше шетелдік азамат келеді деп күтілуде. Бірақ, нақты саны әлі белгісіз.

 

 

Айгерим Ержанова