Білім

Мектеп оқушылары бірыңғай формаға көшті

Күлтәй Мұқанова – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның директоры:

-Бізде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналып жеңілдіктер жасалынады. Яғни, ісмерлер келгенде өздері ұсыныстарының бағасын 50 пайызға түсіреді.

С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда бүгінде 480 оқушы тәлім алса, солардың барлығы да жаппай бірыңғай форма киюде. Өздерінің іні-қарындастары мен замандастарымен қатар Камила Темірбаева және Асылхан Әміржан да мәдениетке сай киінуде. Жалпы бұл мектепте киімнің түсі 5 жыл бұрын өзгеріпті. Бұған дейін оқушылар формасының бояуы жасыл болса, қазір ол қара көк.

Камила Темірбаева – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

-Форманың дизайны өте керемет. Маған ұнайды.

Асылхан Әміржан – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

-Киім ыңғайлы, түсіде әдемі. Бұрын жасыл киген болатынбыз.

Жалпы бірыңғай мектеп формасына қатысты жуырда өз күшіне енген заңда стильге қатысты айтарлықтай шектеу жоқ. Бастысы киімнің түсі тым ашық болмау керек. Яғни, классикалық үлгі сақталуы қажет. Осылайша білім беру мекемелерінің беделін де көтеруге болады.

Татьяна Протопопова – Петропавл қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Бірыңғай мектеп формасы түрлі жастағы оқушыларға арналып бекітілді. Жалпы олар күнделікті, парадтық және спорттық киім болып бөлінеді. Ұлдардың киіміне пиджак, желет, шалбар және күнделікті мен парадтық көйлектер жатады. Ал қыздар жилет, пиджак, белдемше, шалбар, классикалық үлгідегі жейде киюлері қажет. Сонымен қатар, мектеп формасында діни ою-өрнектер салуға қатаң тыйым салынады. Және де бұдан былай оқушыларға хиджап киюге болмайды.

Бүгінде қала бойынша 36 жалпы білім беретін мектептерде тәлім алатын 21 мың 663 оқушы бірыңғай мектеп формасын киюде.

 

 

Риат Шони