Ауыл шаруашылығы

СҚО-да 1-маусымнан бастап бос жатқан жерлер аукционға қойылады

Ондай алқаптар жер иесімен арадағы шартты бұзу және сот арқылы қайтарылып алынады. Мәселен 2015 жылдың өзінде мұндай 41 шарт бұзылып, 126 мың 200 гектар жер телімі мемлекетке өтті. Қайтарылған алқаптар жермен жұмыс істей алатын іскер адамдарға берілетін болады.

Есенгелді Кәрібаев, СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:


–  Мысалы, біздерде жерді тиімді пайдаланбайтын қожалықтардан бөлек ірі компаниялар да бар. Мысалы, «Богви» компаниясы, «Трансавто» компаниясы. 14:12. Богви компаниясының 885 мыңнан артық жері бар. Оның 285 мыңнан артығы – егістік жерлер. Оның 101 мың 933 гектар жері қайтарылып алынды.

Облыста бос жатқан алқаптар әлі де баршылық. Олардың қазіргі көлемі – 500 мың гектардан астам. Мұндай жерлер осы уақытқа дейін пайдаланушыларға аукцион арқылы ұзақ мерзімге жалға беріліп келді. Мысалы, былтыр өңірде Тимирязев және Жамбыл аудандарында сомасы 4 млн теңге болатын 387 гектарлық 2 жер учаскесі сатылған. Ал, биыл бұл үрдіске біршама өзгертулер енгізіліп отыр. Жерді пайдаланып, дәнді дақылдар егемін деушілер үшін биыл бірінші маусымнан бастап 50 пайыздық жеңілдікпен бір жола сатылмақ.

Есенгелді Кәрібаев, СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:

 

– Ерекше бір айта кететін жағдай, биылғы жылдың үлкен мақсаттарының бірі – бірінші шілдеден бастап жерді аукционмен сату басталады. Әр гектартың құны 54 мың теңге. Оның 50 пайызы – 27 мың теңге. Қазір біз қандай жерлер, қай аудандардан сатылатынын есептеу үстіндеміз.  27 мың теңгенің барлығын бірден төлеу міндет емес, оның 10 жылғы несие ретін бөліп төлейтіндей етіп алуға болады. Демек, айтып кеткендей 1000 гектар жер сатылса, 27 млн теңгені бірден төлеу шарт емес.

Жалпы биыл аграрлы өлкеде 30 мың гектарға тарта жер аукцион бойынша сатылады деп күтілуде. Қазір қай аудандарда қандай жерлердің сатылатыны нақтылану үстінде.

Акбопе Танирберген