МТРА жаңалықтары

Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин облыс кәсіпорындарының әлеуетін көрді

Бір сөзбен айтқанда, тұтынушыдан өндіруші аймаққа айналуымыз қажет. Оған қоса Еуразиялық Экономикалық одақ пен Бүкіл әлемдік сайда ұйымының шарттары аясында жергілікті кәсіпкерлер үшін мол мүмкіндіктер пайда болуда. Мысалы, “РETROMALI COMPANY” серіктестігі соңғы жылдары Қырғызстан мен Ауғанстанға ұн тасымалдап келеді. Тұтынушы тарап сауданы АҚШ долларымен жүргізеді, сондықтан кәсіпорынға кіріс молынан түсіп жатыр дейді мұндағылар.

Рудик Арутюнян – “РETROMALI COMPANY” ЖШС директоры:


– Біз алдағы уақытта М.Жұмабаев ауданыда немесе Петропавл қаласында алып диірмен кешенін тұрғызбақшымыз. Оның да қуатлығы осындай болады. Тәулігіне 75 тонна бидайдан ұн үгетін боламыз. Егер де ресейліктерден ұсыныс түсіп жатса, тауарымызды көрші өңірдің нарығына өткізуге дайынбыз.

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Қорған облысының губернаторы мен бір топ делегацияны артынша Петропавл ауыр машина жасау зауытына алып барды. Мұндағылар Ресейдің
“Курган-дормаш” және “Курган-химмаш” компанияларымен 10 жылдан артық әріптес. Кәсіпорындағылар меймандарға мұнай-химия саласына арналған техниканың сан түрін көрсетті, биыл қолға алған жобалармен таныстырды.

Зауыттағылар келешекте ресейліктермен бірігіп қала көшелерін тазалауға арналаған коммуналдық техникалар мен мұнай барлау орындарына қажетті үлкен габаритті қондырғыларды шығаруы мүмкін. Қазір серіктестер арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Бұл аумағы 4,3 гектар болатын “Мұнаймаш” АҚ. Мұнда ат басын бұрған Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин зауыт өндірісімен танысты. Мұнай саласына қажетті агреттарды әзірлейтін өндіріс ошағы өткен жылы 1,7 млрд теңгенің тапсырысын орындапты. Жалпы кәсіпорын Ресейдің Түмен, Пермь сынды облыстарымен етене жұмыс жасауда.

– Объемы есть.


– Сколько у вас годовое производство?

Сондай-ақ, Алексей Кокорин өндіріс ошағының жоспарлаған жобасымен танысты. Зауыттағылар алдағы уақытта ұңғыманы сервистік жөндеуден өткізу үшін арнайы қондырғы жасамақ ниетте екен. Жоба сәтті жүзеге асса өндіріс ошағы бірқатар ірі компаниялармен келісім шартқа отырмақ.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысның әкімі:

– Мұнай саласында еңбек ететін ірі компаниялардың бірі ол “Теңізшевройл”. Қазір олармен құны 40 млн долларды құрайтын келісім шарт бойынша келіссөздер жүргізілуде. Егерде жоба сәтті жүзеге асса онда 4 жылға әріптестік орнатпақ.

Өңірімізге келген мейманның аялдаған келесі нүктесі “Зенченко и К” коммандиттік серіктестігінің сүт зауыты болды. Өңіріміз бен Астана тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпорын 10 сағатта 50 тоннаға жуық сүтті қайта өңдеуге қауқарлы екен. Бүгінде зауыт елордаға 28-29 тоннаға жуық өнімін саудалайды.

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС директоры:

–  Біз өндіретін өнім табиғи таза. Ешқандай қоспалар араластырылмайды. Тауарымыздың 24 түрі бар. Технологиясы ұзақ мерзімді сақталуға арналған емес. Яғни, сүт 7 тәулік бойы бүлінбей тұра алады. Бүгінде біз тапсырыс бойынша 18 тоннаны орындай алмай отырмыз, өйткені қажетті шикізат жоқ. Дегенменде тауарларымызды саудалау нарығын кеңейту жайында келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Бұдан кейін меймандар зауыт өндіретін өнімдердің дәмін татып көрді. Жалпы Қорған облысы өңіріміздің кәсіпкерлерімен әріптестік орнатуға дайын.

Сергей Чебыкин – Қорған облысы губернаторының орынбасары:


–  Қорған облысының сіздердің өңірлеріңіз бен Қазақстанға ұсына алатын өнімдері бар. Солтүстік Қазақстанның да дәл осындай мүмкіндіктері бар. Біз бұл сапарымызда шағын бизнеске көп көңіл бөлуді мақсат тұттық. Өйткені оларға қос мемлекет арасындағы тауар айналымы арқылы көмек көрсетуге болады. Енді алдағы уақытта бірнеше кәсіпорындармен келісім шарт жасаспақ ниеттеміз.

Қорған облысының губернаторы Алексей Кокориннің соңғы аялдаған нүктесі облыстық өлкетану мұражайы болды. Мұнда 345 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Экспонаттар 13 залда орналасқан. Меймандар өңіріміз бен еліміздің тарихынан мол сыр шерткізетін құндылықтармен жіті танысты.

Риат Шони