Құқық қорғау органдары

Петропавлда көлік тонаған азамат қолға түсті

Арада көп уақыт өтпестен тәртіп сақшылары күдік тудырған Жұмысшы кентінің тұрғынын құрықтады. Күдікті бірнеше сағатта көлік ішіндегі барлық бағалы деген заттарды қолды қылған.

Өмірбек Жаналинов – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімінің аға тергеушісі:

– 25 жастаға Петропавлдық жігіт құрықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бйынша ұсақ қылмыс жасап бұрын да сотталған.

Баукеспе көліктерді түнгі уақытта тонауға дағдыланған. Бір қызығы осы уақытқа дейін ол қол сұққан 20 көліктің барлығы кеңес кезінде шығарылған ескі автомобильдер. Бұл жолы да құлыпты бұзып, көліктің ішіндегі барлық қолға іліккен заттарды ұрлаған. Ісін тындырғасын такси шақырып үйіне тайып тұрыпты. Тергеу барысында ұрлықтан түскен заттарды сатып, ақшасын керегіне жаратуды көзгені анықталды. Күдікті қолды қылған дүниелердің соммасы 350 мың теңгені құраған. Қазір дүниелер иелеріне қайтарылды.

Өмірбек Жаналинов – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімінің аға тергеушісі:

– Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабы 2 бөлмінің 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азамат 3 жылдан 5 жылға дейін бас ботандығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер автомобилді көлікжай сыртында немесе қарауылсыз тұрақтарға қалдырмау керектігін ескертеді. Егер аулаға қоюға тура келсе, жақын маңдағы бейнебақылау орнатылған жерлерге тоқтаған жөн.

Акбопе Танирберген