Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге Қорған облысының делегаттары келді

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:


–  Сауда-саттық айналымындағы Ресейдің үлесі 80 пайызды құрайды. Біздің зауыттар шикізат, өнімдерді экспорттау мен импорттауда ресейлік әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Бізде өткен жылы ғана ашылған «Қазтехмаш» машина жасау зауыты, бүгіндері қорғандық кәсіпкерлермен жұмыс жасап жатыр. Біз тек сауда-экономикалық салаларда ғана емес, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спортта да тығыз қарым-қатынастамыз.

Кедендік одақтың құрылуы екі ел экономикасын дамытуға септесіп, тауар айналымын жеңілдетті. Сондықттан әрі қарай екіжақты әріптестікті жалғай түсу маңызды.

Алексей Кокорин- Қорған облысының губернаторы, РФ:

– Аймақтардың өндірістік кооперация, және жоғарғы технология салаларындағы әлеуеті зор. Бұл келешектегі екі ел арасындағы қарым-қатынас тетіктерін көбейте түседі. Сондықтан қазірден бастап біз түрлі салаларда орын алатын проблемалармен бөлісіп, тәжірбие алмасу қажетпіз.

Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев меймандарға өңірдің инвестициялық әлеуеті жайлы баяндап берді. Инвесторларға жасалатын жағдайдан құлағдар етті. Екі облыс кәсіпкерлері болашақта бірігіп жүзеге асыратын жобаларды да тізіп шықты.

Мұхтар Манкеев- СҚО әкімінің орынбасары:

– Қорған облысындағы «Регион-45» жол көлік техникасы зауыты Петропавлда коммуналдық техника өндірісін ашу ісін қолға алмақ. Тағы бірқатар кәсіпкерлер өңірде сауда орындарын ашуды жоспарлап отыр. Біз бұл жобаларды қолдаймыз. СҚ облысы да Ресейге азық-түлік өнімдерін жеткізіп тұрады. Бұл жергілікті кәсіпкерлер үшін мол мүмкіндік. Қорған облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізсек дейміз. Бұл ұсыныс қолдау тапса, жақсы болар еді.

«Көпсалалы құрылғылар зауыты» ЖШС Қорған облысымен 2013 жылдан бері әріптес. Тек 3 жылдың ішінде ғана кәсіпорын Ресейге 65 млн рубльден астам соманың өнімін жеткізсе, соның 35 млн рубльден астамы осы Қорған облысына тиесілі. Ал жиында сөз алған Илизаров атындағы травматологиялық және ортопедиялық оңалту ғылыми орталығының директоры Александр Губин қазақстандық ақ халаттыларды тәжірбиемен алмасуға шақырды. Жазда аталмыш мекеменің құрылғанына 45 жыл толады. Соған орай онда ауқымды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мекеме басшысы солтстікқазақстандық дәрігерлерді де сол шараға қатысуға шақырды. Кейін сөзден іске көшкен екі жақ бірқатар салаларда әріптестік жасау жөніндегі меморандумдарға қол қойды.

Теріскей мен қорғандықтар ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында да бірлесіп жұмыс жасамақ.

Ербатыр Мадияров- СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Алдағы уақытта ақпарат алмасатын боламыз. Тағы ет өнімдерін Қорған облысына жеткізерде барлы құжаттары болады.

Тағы денсаулық сақтау және кәсіпкерлік пен туризм салаларында келісімдер жасалды. Соңғысы бойынша бірден 9 меморандумға қол қойылды.

Евгений Глотов- СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Туристік саланы дамыту біз үшін маңызды. Сондықтан біз көршілес елдің меймандарын өзімізге келуін күтеміз. Біздің табиғатымыз ол үшін қолайлы. Бізде Петропавлдан шығып Айыртау ауданына апаратаын арнайы бағыт жасалған.

Станислав Бессонов- «Бессонов трэвэл» ЖШҚ директоры, Қорған қаласы, РФ:

– Біз экскурсиялық туризммен айналысамыз. Негізінен көршілес аймақтармен қарым-қатынас орнатқанбыз. Бірнеше жыл бұрын Бурабай және Астанаға деген бағыт аштық. Ол біздің туристердің соңғы уақытта ерекше қызығушылығын туғызып отыр. Сондықтан осы келісім аясында сіздердің туристік агенттіктеріңізбен жақсы жұмыс жасаймыз деген ой бар.

Кездесу соңында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов пен Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин баспасөз мәслихатын өткізіп, екі ел Президенттерінің жүктеген тапсырмаларын бірлесіп орындау үшін қандай жұмыстар жүргізетіндіктері жайлы сөз етті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

–  СҚО Қорған облысымен бұрыннан тығыз қарым-қатынас орнатқан. “Қорған семена” кәсіпорынынан жылда тұқым аламыз. Ол климаты жақын екі өңір үшін жақсы.

Алексей Кокорин – Қорған облысының губернаторы, РФ:

–  Біріншіден, жол және мамандандырылған көліктерді құрастыру тұрғысында келісім жасалып, СҚО мен бұл жұмыстарды бірге жүргізетін боламыз. Кездесуде бұдан да бөлек бірнеше ортақ жобалар талқыланды. Жиын қызықты әрі екіжаққа да тиімді өтті деп ойлаймын. Алдағы уақытта екі ел басшыларының тапсырмасын орындауға бар күшімізді саламыз. Ең бастысы, жасалған келісімдердің қағаз жүзінде ғана қалып қоймай, нақты іске асырылуын қадағалау керекпіз.

Алда шынымен де ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан іске білек сыбана кіріскен жөн.

Магжан Ахмадина