Спорт

СҚО-да полицейлер арасында қысқы спартакиада өтуде

Бірінші болып сөреге әйелдер шықты. Олар 3 км қашықтықты бағындыруы тиіс. Шапшаңдық танытқан Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы командасының мүшесі Лидия Логинова мәреге бірінші болып жетті. Ал екінші, үшінші орындар Облыстық ІІБ қызметкері Жанар Әубәкірова мен Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Елизавета Махначёваға бұйырды. Ал, Ерлер арасында осымен үшінші жыл қатарынан Облыстық ІІБ қызметкері Олег Гурский үздік деп танылды.

Дамир Бекмурзин, СКО ІІД кадр жұмысы басқармасының инспекторы:

– Қорытынды бойынша кейінгі екі жылда Облыстық ІІБ бірінші орындардан көрініп жүр. Бүгін де шын мықты жеңеді деп ойлаймыз. Көптеген командалар қатысуда.

Облыстың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы өтіп жатқан қысқы спартакиадада 7 спорт түрін қамтыған.

Асхат Жомартов, Мамлют аудандық ІІБ қызметкері:

– Бұл жарысқа бірінші рет қатасып жатырмын. Өте қызық. Ұзақ дайындалдым.

Жарыстың қорытындысында жалпы командалық есепте СҚО ІІБ 18 ұпай жинап жеңіске жетті. Ал ҰҰ Әскери институтының жігіттері екінші орынға жайғасты. Мамамандандырылған күзет қызметінің басқармасы болса үздік үштікті қорытындыланды.

Акбопе Танирберген