МТРА жаңалықтары

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ жылды қорытындылады

Бұл өз кезегінде өз ісін ашып, шағын кәсіпкерлікті дамытқысы келетін азаматтарға біраз қиындықтар туғызуда. Осы мәселені шешу үшін “Даму” қоры қаржы ұйымдарынан несие рәсімдегісі келген азаматтарға кепілдік ұсынуда. Былтыр “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 944 млн теңге бөлініп, 69 жобаға демеуқаржы берілді.

Мереке Сыздықов – “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директоры:

– Былтыр 4 азаматқа старт-ап жобалары бойынша 85 пайыздық кепілдік берілді. Мысалы, Есіл ауданындағы жас отбасылар Явленкада Стамотолгия орталығын ашу үшін екінші деңгейлі банктен несие ала алмаған. Даму қоры оларға “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында 9 млн теңге
кепілдік ұсынды. Ал қалған 4 млн. теңге заемды өздері алды. Осылайша,өтініш толығымен қатағаттандырылды.

Мұнымен қоса өз ісін өркендетемін дегендерге де мемлекеттен қолдау бар. Былтыр өңдеу өнеркісібі, көлік және қойма, ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысатындардан несиені субсидиялауға қатысты көп өтініш түскен екен.

Мереке Сыздықов – “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директоры:

– 2015 жылы “Рим-КазАгро” компаниясына жаңа қондырғылар сатып алу үшін 870 млн теңге субсидия берілді. Аталмыш серіктестік жылдам дайындалатын тағамдарды әзірлейді. Сонымен қатар сауда- ойын-сауық орталықтарын ашу үшін, диірмен кешендерінің жылдық қуатылығын арттыру үшін, тауық жұмыртқасын өткізу үшін кәсіпкерлерге субсидия төленді.

Қазіргі таңда Айыртау және Тимирязев аудандарының кәсіпкерлері субсидия мен кепілдікті алу көрсеткіштері бойынша артта қалып келеді. Себебі екінші деңгейлі банк қызметкерлері жолдың алыстығын сылтауратып, аталған аудандарға барудан бас тартады екен. 2015 жылы Даму қоры 11 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге қолдау көрсеткен.

Берік Қасен