Денсаулық сақтау

Өңірде ауруларды басқару бағдарламасы жүзеге асырылуда

Өйткені, осыған дейін ол белгіленген нормадан әлдеқайда жоғары болған. Қазір дәрі-дәрмек пен диетаның арқасында сәл түсіпті.

Любовь Недостоева:


–  Маған емханаларда қолға алынып жатқан ауруларды басқару бағдарламасына қатысу туралы өтініш түскенде бірден келістім. Өйткені, оның өз денсаулығым үшін маңызды екенін түсіндім. Содан жоба аясында біз қан қысымымызды өлшеп, нәтижесін арнайы күнделікке түсіріп отырдық. Майлы, күйген астарды жеуге болмайды деді. Есесіне біраз салмақ түсірдім. Ол да қан қысымын түсіруге пайдасын тигізді. Айына бір рет емханаға барып отырдым. Онда әр кабинетке мынадай рұқсат қағазының арқасында кезексіз кіріп, дәрі-дәрмектерді тегін алдық.

Бүгіндері 3-ші қалалық емханадағы ауруларды бақылау бағдарламасына Любовь Недостоевадан өзге 104 петропавлдық қатысуда. Олар да артериалдық гипертензияға шалдыққан жандар.

Рауза Дүйсенова – №3 қалалық емхананың мамандандырылған бөлімшесінің меңгерушісі:

 

– Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысқан науқастардың 72 пайызының жағдайы жақсарғандығы байқалды. Барлығының қысымы сәл де болса түсті. Оның үстіне олар өздерін қадағалап, денсаулықтарына салғырт қарамауды үйренді. Бір сөзбен айтқанда, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыланды.

3-ші қалалық емханада диспансерлік есепте артериалдық гипертензияға шалдыққан 5 мыңға жуық адам тіркелген. Келешекте олардың барлығын осы жоба аясында бақылауға алу көзделіп отыр. Айта кету қажет, аталмыш жоба бойынша қазір қаладағы 1-ші және 2-ші емханалар да жұмыс істеуде. Оларда созылмалы жүрек кемістігі және қант диабетімен ауыратын науқас бақылауға алынған.

Магжан Ахмадина