Қоғам

Мейрам күндері солтүстікқазақстандық құтқарушылар күшейтілген режімде қызмет атқарды

3 күннің ішінде өңірдің құтқару қызметі 1385 адам мен 573 техниканы қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмектерін көрсетті. Әсіресе, қатты жел облыс аудандарындағы тас жолдарды бітеп, көлік қозғалысына айтарлықтай қиындық келтірген.

Ренат Симамбаев – СҚО ТЖД бөлім бастығы:


– Мейрам күні Ақмола облысынан Петропавл қаласына бет алған қаларалық автобус Тайынша ауданының Келлеровка селосындағы тас жолда тұрып қалды. Автобуста болған 17 жолаушының 4-уі – кәмелет жасына толмаған балалар. Оларға қажетті көмек көрсетіліп, сол күні қоғамдық көлік әрі қарай бағытын жалғастырды.

Жалпы облыстың барлық бағытындағы тас жолдардың жабылғандығы жөніндегі ескерту хабарламасы жерлестерімізге күн сайын жіберіліп отырған.

Ренат Симамбаев – СҚО ТЖД бөлім бастығы:


– Ауа райының бұзылуына байланысты наурыздың 6-сы кешкі сағат 19-00-де Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық бағыттағы жолдар уақытша жабылды. Трассадағы қозғалыстың тоқтатылатыны туралы СМС-хабарлама 1 күн бұрын 560 мыңнан астам абонентке жөнелтілді.

Қазір қар басып қалған облыстық және аудандық жолдар тазаланып жатыр, ал республикалық маңыздағы трассаларда көлік қозғалысына еш кедергі жоқ.

Бакыт Садуакасов