МТРА жаңалықтары

СҚО-да “Есіл жұлдыздары” байқауы бастау алды

Биыл да дәстүрлі шараға облыстың барлық аудандарынан 70-тен астам өнерлі ұл-қыз келіпті. Ең кішкентай қасушы – 7 жасар Нұржігіт Ғафур.

Кішкентай Нұржігіт әкесі Қайырлы Ғафуровқа ұқсап үлкен сахналарға шыққысы келеді. Бүгін өмірдегі тірегі оған қолдау танытып келіпті. Небары 1-ші сыныпта оқитын балақай кәсіби бағыттағы қатысушылармен бәсекеге түсуде. Ал, әуесқой топта өнер көрсететіндер өзара жеке бақ таластырды.

Нұржігіт Ғафур, Дарынды балалар үшін музыкалық-эстетикалық саладағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы:

– Байқауда көптеген кішкентай қатысушылар бар. Мен олардан қорйықпаймын. бірінші орын алғым келеді.

Бүгін іріктеу кезеңнен өткен қатысушылар ертеңгі финалға жолдама алады.

Ирина Колодаева, Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:


– Байқау “эстрадалық вокал” номинациясы бойынша өтуде. 3 жас категориясы бойынша әншілер – солисттер және ансамбль болып өнер көрсетуде. Бүгін – бірінші іріктеу кезеңі. Музыкалық және өнер мектебінде білім алушылар мен әуесқой мектеп оқушылары бақ сынасып жатыр.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға қол жеткізбек.

 

Акбопе Танирберген