Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов өңірдің нәзікжандыларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

–  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Ұлан-ғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткені белгілі. Бұлардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі жаңа Қазақстанда жалғасын тауып келеді. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтере білді” – деген болатын. Әйелдер қауымы ұрпақ тәрбиесі арқылы ұлт болашағын қалыптастырады.

Салтанатты жиында 7 не одан да көп баласы бар аналарға Алтын алқа, Күміс алқа белгілері табысталды. Петропавл қаласының тұрғыны Галина Масленникованың жеті баласы бар. Тұңғышы 24 жаста болса, кенжесі 1,5 жаста. Ардақты ана балаларының мейірімді және жан-жақты тұлға болып өсуін қалайды. Сондықтан тәрбиеге үлкен көңіл аударамын дейді.

Галина Масленникова – “Алтын алқа” белгісінің иегері, Петропавл қаласының әкімі:

– Мен адам бойында тазалық пен адалдықты сүйемін. Балаларымды құдайға жақын болуға үйретемін. Сонда, олар өмірде қателіктерге бой алдырмай, адамдарға мейірімді болады.

Бүгінде облыс аумағында көзі тірі 214 ҰОС ардагері тұрады. Соның 20-сы – әйел. Елімізде гендерлік саясат жүйелі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қыз-келіншектер агроөнеркəсіптік кешенде, өндіріс ошақтарында еңбек етуде. Бизнес пен саясатқа да белсенді араласып, ғылым мен спортта зор жетістіктерге жетіп, елдің абыройын асқақтатып жүр. Осы күні өңірімізде 217 депутат бар болса, соның 4/1-əйелдер. Облыс аумағындағы 35 мыңға жуық шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның жартысына жуығын азаматшалар басқарады.

Қазіргі таңда білім, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт салаларын əйелдерсіз елестету мүмкін емес. Салтанатты жиында медбике, жеке кəсіпкер, пошташы, судья, есепші, сауыншы, ПИК төрайымы сынды қатардағы мамандардың ешбірі назардан тыс қалмады. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың қолынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат алды.

Күмісжан Төребаева – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы:

– Ерік Хамзаұлының қолына Алғыс хат алғаныма қуаныштымын. Мен жер бетіндегі барлық әйелдерге зор денсаулық бақыт тілеймін, Аман болыңдар!

Жанар Кенжебаева- облыстық соттың судьясы:

 

– Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында біз тыныштықта өмір сүріп, балаларымызға жақсы тәрбие беруге мүмкіндік алып жатырмыз. Елімізде әйелдер мерекесі жылда жоғары деңгейде тойланады. Жемісті еңбек еткендер назарсыз қалмайды. Мен бүгін өңір жетекшісінің қолынан Құрмет грамотасын алғаныма қуаныштымын.

Салтанатты жиын соңы өңірдегі мәдени ұжымдардың қатысуымен өткен көнцертке ұласты.

Осы күні өңірдің нәзік жандыларын мерейлі мерекесімен Ресейдің де әртістері құттықтады. Өнерпаздарға облыс əкімінің атынан ықылас гүлі тарту етілді.

Берік Қасен