МТРА жаңалықтары

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша елді-мекендерде қолжетімді баспаналар салынуы мүмкін

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

-Өтемақы төлеу жөніндегі қосымша келісімшартты мамырдың 31-іне дейін тапсыру қажет. Банк өтемақыны екі жылға бөліп (2016, 2017) төлейді.

Биыл тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінде біраз өзгерістер орын алды. Мысалы, осы жылдан бастап салымшылар баспана тұрғызатын мердігер компанияларды дауыс беру арқылы өздері таңдай алады.

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

-Құрылыс компаниялары баспананы өз қаражатына салады. Немесе екінші бағдарлама бойынша әкімдікпен келісе отырып, салады.

Журналистерді қолжетімді баспанының бағасы қызықтырды. Қазіргі таңда Қазақстанның солтүстік өңіріндегі баспананың шаршы метрі 100 мың теңге тұрады.

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

 

-Әзірге шаршы мертдің бағасы өзгермейді. Қазір 36 шаршы метр 3 млн. теңге, 60 шаршы метр 6 млн теңге тұрады.

Банктің шарты бойынша депозитте ақша жинап, зейнет жасына шығып кеткен адамдар өз атындағы есепшотын жақын туыстары немесе баласының атына аудара алады.
Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешелендірілуі мүмкін. Қаржыгер – Райхан Әбдірахманованың айтуынша, бұл үрдіс салымшыларға кері әсерін тигізбейді. Екі тарап алдындағы барлық міндет пен жауапкершілік сол күйінде сақталады.

Берік Қасен