Спорт

Қазақ қыздары да ерлерден қалыспай ел намысын әлем ареналарында асқақтатуда

Назгүл бұл басы ғана, алар асуым әлі алда дейді. Дзюдошы бойжеткеннің айтуынша, адам жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін үнемі ізденіс үстінде болып, бар ойын бір жерге шоғырландырып үйренуге дағдыланғануы тиіс.

Назгүл Маратова – дзюдо және самбодан ҚР спорт шебері:

-Кәсіби спортшы үнемі дзюдо, самбо туралы ойланып жүруге тиісті. Кітап оқып, басқа спортшылардың техникасын үйрену керек. Сонда ғана нәтиже болады.

Ауыр спорт түрін жанына серік еткен нәзік жанды бүгінде жеңіске жетелеп келетін бапкерлері мен үнемі қолдау білдіретін ата-анасы мен достарына алғысын айтуда.
Өр мінезді бойжеткен шығыс жекпе-жегінен өз салмақ дәрежесінде талай жетістіктерге жетіп, ел құрамасына алынды. Назгүл дзюдо және самбодан қыздар арасында Қазақстан, Әлем және Азия чемпионы атанды. Аталған спорт түрлері танымалдылығы жағынан футболдан кейін екінші орында тұр. Сондықтан оған қыздардың да қызығушылығының артуы заңдылық дейді жаттықтырушылар.

Дәурен Нұрғожин – Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған СҚО-тық мектеп-интернатының жаттықтырушысы:

 

-Назгүл тәрбиелі, қайсар қыздардың бірі. Мен оның болашағынан үлкен үміт күтемін.

Нәзік жанды күн сайын жаттығуға 4 сағат уақытын бөледі. Қазір ол Германиядағы Еуропа кубогіне дайындалуда. Дүбірлі дода үстіміздегі айдың ортасында өтеді деп күтілуде.

Берік Қасен