Қоғам

Петропавлдық нәзік жанды білдекте ағашпен темірден түрлі бұйымдар жасайды

Анастасия Аниченкова – Петропавл қаласының машина жасау колледжінің өндірістік оқыту шебері:

-Білдек маманы атану үшін адамның ойлау қабілеті жақсы болуы шарт. Бұйымды жасамас бұрын оның қыр-сырын алдын ала білген жөн. Мен бойымнан осы қабілеттерді байқап қаламыздағы М. Қозыбаев атындығы СҚМУ инженерлік-техникалық факультетіне түстім. Онда 4 жыл бойы көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығын иегердім. ЖОО тәмандаған соң ойланбастан осы колледжге жұмысқа тұрдым. Қазір міне 2 жылға жуық уақыт қызмет атқарамын.

Қоғамда көбінесе мұндай қызметтерді ер азаматтар атқарады. Алайда, он саусағынан өнер тамған нәзік жанды бұл пікірмен мүлде келіспейді. Ол өз ісіңе мықтап ден қойсаң, әр жұмыстың амалын тауып ұршықша иіріп әкетуге болатындығын айтады.

Анастасия Аниченкова – Петропавл қаласының машина жасау колледжінің өндірістік оқыту шебері:

-Халықтың басым көпшілігі нәзік жандылар үшін білдекте жұмыс істеу қиын дейді. Ал, маған бұл қызмет қатты ұнайды. Ешқандай қауіп де ауырлығыда жоқ. Керісінше бұйым жасаған кезде әйел азаматшаларға тән ұқыптылық, нәзіктік танытқан абзал.

Қазір Анастасия Аниченкова жұмыстан қолы қалт ете қалғанда “Максим” пулеметінің көшірмесін жасауда. Дәл осындай алғашқы туындысын Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арнап облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сыйлапты. Маманның шеберлігіне оның әріптестері де жоғары баға береді.

Павел Сенькин – Петропавл қаласының машина жасау колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс бойынша орынбасары:

-Анастасия Юрьевна – өзінің жұмысын жауаптылықпен атқарады. Ол біздің колледжге қызметке орналасқан күннен бастап ұжымдағы әрістестерімен тез тіл табысып кетті. Оның бойынан ұйымдастырушылақ қабілетті байқауға болады. Білікті маманнан студенттеріміз қажетті білімді толықтай алатындығына сенімдімін.

Жалпы, Петропавл қаласының машина жасау колледжінде 256 студент 4 мамандық бойынша білім алуда. Оларға 33 мұғалім сабақ берсе, оның 24-і нәзік жандылар.

 

 

Култанов Байболат