Денсаулық сақтау

Петропавлда “Дені сау Қазақстан” акциясы өтті

Алтын Жәменова – қала тұрғыны:

-Мына жерде оңай қан қысымымды өлшетіп алдым. Қорытындысы өте жоғары болып шықты. Осындай акция ұйымдастырылғанына алғысымды білдірем.

Дәрігерле сондай-ақ осы жерде тұрғындардан қан алып, құрамындағы глюкозаның деңгейін анықтады. Сараптама қорытындысы қас-қағым сәтте арнайы құрылғының көмегімен белгілі болады. Мәселен, мамандар таң сәріден бері 7 бірдей жерлесімізден қан диабеті ауруының алғашқы белгілерін байқап, емханаға жолдаған.

Айман Үсейінова – №2 қалалық емхананың медбикесі:

-Дені сау Қазақстан” акциясы аясында біз 60-тан аса тұрғынға қызмет көрсеттік. Жерлестеріміздің арасынан қант диабетіне шалдыққандар да кездесті. Олар өздерінің бұл дертпен ауыратындығын білмеген. Естіген жағдайда таңырқап қалды.

“Дені сау Қазақстан” акциясы бұл күні қаладағы “Пирамида” сауда үйінде де өтті. Онда дәрігерлер 100-ге жуық тұрғынға қызмет көрсеткен. Айта кеткен жөн, жалпы шара аясында облыс орталығының 6 бірдей ірі сауда орында мобильді медициналық пункт құрылған болатын.

 

 

Култанов Байболат