МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов табыскер азаматшаларды мерекесімен құттықтады

Мүкәрам Тайжанова -М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры:

-Әйелдердің жауапкершілігі зор. Сондықтан олар жақсы жетістіктерге жетуде.

Райхан Өтегенова – “Қызылжар су” ЖШС бас есепшісі:

-Ұлым кәсіпкер, қызым ізімді қуып есепші мамандығын таңдады. Екі немерем, бір жиенім бар.

Отан, отбасындағы береке-бірліктің барлығы азаматшаларға байланысты. Бүгінде нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиынға келген қыз-келіншек, ана, әжелерді Марат Тасмағанбетов мерекемен құттықтап, алғысын айтты.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласы әкімі:

-Әйел жүрген жерде жылу, жақсылық пен имандылық бар. Сіздердің бойларыңызда ақыл мен парасат, сұлулық пен шыдамдылық сияқты қасиетттер әрқашан бірге жүреді.

Хан, әкім, қара байыр адам болсын. Бәріміз ананың аялы алақанын сезініп, тәрбиесін көріп өстік. Сондықтан анаға құрмет көрсету баршаның парызы.

Бүгін Көп балалы ана Балқаш Усеиноваға сый-құрмет көрсетіліп, мерейлі мерекесінде “Күміс алқа” белгісі табысталды.

Балқаш Усеинова – көп балалық ана, Күміс алқа иегері:

-Алты баламды ел қатарлы өсірдім. Қазір бәрі ер жетіп, елге қызмет етуде. Бала өсіру оңай емес. Дегенмен де мен қыз-келіншектерге баланы көбірек дүниеге әкелсе деймін.

Салтанатты жиында қала мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандардың еңбегі еленді. Марапатқа ие болғандардың арасында мұғалімдер, темір жолшылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдері бар.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгенде бірінші анасын көреді. Тілі шыққанда алдымен ана деп айтады. Сондықтан әлемдегі ақын-жазушы, сазгер біткеннің барлығы анаға бас иіп, оның мейірмділігі мен адалдығын жырға қосып келеді.


Берік Қасен