МТРА жаңалықтары

Өңір құтқарушылар көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтады

Аскат Ержанов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

-Қазір Ойқала ауданындағы оқу-жаттығу жиынына 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған. Бұл жерде Есіл өзені арнасынан көтеріліп салдарынан су жақын маңдағы жер үйлерді басады деген қауіп бар. Сол себепті бөгет орнатылуда. Негізі өңір бойынша көктем уақытында 39 елді-мекенді су басу қаупі бар.

Жалпы Ойқала Есіл арнасынан асқанда кезде су астында қалатын аудандардың бірі. Оның үстіне биыл ақ ұлпа былтырғы жылға қарағанда екі есе көп жауды. Сол себепті “Көктем-2016” командалық штабтық оқу-жаттығу жиындары аясында осы жерде дайындықты пысықтаған дұрыс дейді құтқарушылар.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

-Апат жайлы хабар сағат таңғы 10-да келіп түсті. Құтқарушылар тез арада іс-әрекет етіп, бөгеттерді құрды. Ол үшін 10-15 минуттай уақыт кетті. Айта кету қажет, бұл жерде біз “Восточный берег” дәмханасын құтқара алмаймыз. Ол өзенге тым жақын орналасқан. Ал қызыл су жолды шайып кетпесі үшін бөгетті нысанның алдына орнаттық. Жалпы өңіріміз су тасқынына дайын.

Айта кету қажет, қазіргі таңда облыс бойынша су тасқыны кезіндегі жұмыстарға 277 млн теңге қаражат қарастырылған. Алдағы уақытта тағыда қосымша ақша бөлінбек. Жалпы Есіл өзені арнасынан наурыз айының соңы мен сәуірдің басында асады деп күтілуде.

 

 

Риат Шони