МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Ерік Сұлтаов өңірдің танымал нәзікжандыларын 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Құрметті ханымдар! Сіздерді көктемнің шырайлы мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер – өз отбасыларыңыздың ғана емес, сонымен қатар еліміздің тірегісіздер. Әр салада ерлермен қатар иық тіресіп жұмыс істеп келе жатырсыздар. Ол – үлкен еңбек. Жанұяларыңызға амандық тілеймін.

Мерекелік дастархан басында кәсіпкерлер, мәдениет, спорт, ішкі істер органдары мен құрылыс сынды салаларда үлгілі қызмет етіп жүрген 30-дан астам әйел азамат жиылған. Олардың арасында көпбалалы ана Дәния Кенджаева да бар. 37 жастағы нәзік жандының 5 баласы бар екен.

Дәния Кенджаева – көпбалалы анна:

-Бүгін облыс әкімі барлық нәзік жандыларды жинап құттықтап отыр. Ол үшін алғысым шексіз.

Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы. Сол себепті, бүгінгі іс-шарадағы әңгіме тақырыбы да, әсем әуен де ең сұлу жандарға арналып отыр.

Мерелік жиын соңында барлығы естелікке суретке түсті.

 

Риат Шони