Спорт

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде плей-офф кезеңдері басталды

Кездесу басталды. Теміртаулықтар “ә” дегеннен-ақ шабуылға көшті. Бірден айдын иелерінің қақпасына соққы бағыттапта үлгерді. Бірақ, құлагерліктер берілетін емес. Қарымта шабуыладарға да көшіп, соққылармен алмасып отырды. Бірінші периодтың ортасында қонақтар қателікке бой алдырып ойын тәртібін бұзды.
Алайда сан басымдықты теріскейліктер ұтымды пайдалана алмады. Дегенменде, Кирилл Елагин мен Владимир Гребеньщиковтан нәтижелі пас алған үшінші бестіктің шабуылшысы Владислав Никулин Владимир Ковачтан айласын асырды.

Теміртаулықтар есепті қалайда болса теңестіргілері келгенімен оларынан түк шықпады. Осылайша алғашқы жиырма минут өз аяғына жетті.

-Алғашқы период өте жақсы өтті. Жарақатынан айыққан Владислав Никулин өз бабында екен.

-Біз өз командамызға қолдау көрсетеміз. Есеп 1-0. Ол қуантады. Жерлестеріміз әлі де болса гол соғады деген ойдамын.

Ал екінші периодта теміртаулықтар зор мүмкіндікке ие болды. Ойын тәртібін бұзған Игорь Валлев пен Максим Волков екі-екі минуттан кіші айыппен жазаланды. 3/5 форматында өнер көрсетіп, тас қамал болып қорғанған құлагерліктер қақпаларына шайба жібермеді. Гол соға алмаған теміртаулықтар пұшайман болуда. Қонақтар қанша тынымсыз төпелеп, құйындай орап соқса да Джон Мюррей қырағылық танытуда. Осылайша екінші периодта өз аяғына жетті.

Үшінші жиырма минуттықта айдын иелері қорғанумен болды. Бұл кездесуде американдық кипер Джон Мюррей теміртаулық ойыншыларды әбден діңкелетті. Хоккейшілер бағыттаған 28 соққының барлығына тойтарыс беріп, қас шеберлік танытты. Матч соңында Олег Гущин қақпашы Владимир Ковачты алтыншы ойыншыға алмастырып, тайлы-таяғымен алға ентелесе де, таблодағы нөльді өзгерте алмады. Есеп 1-0. Құлагер өз тарихындағы алғашқы плей-оффтық матча жеңімпаз атанып, ширек финалдық серияда алға шықты.

Джон Мюррей – “Құлагер” ХК қақпашысы:

-Ойын өте тартысты, әрі қиын өтті. Теміртаумен осымен 7-ші мәрте кездесіп отырмыз. Ойын өрненгін әрдайым ауыстырып отырады. Сол себепті гол соғу ауыр болды. Оның үстіне қақпашыларыда мықты. Кезінде “Сарыарқа” сапында Жоғарғы Хоккей Лигасында ойнаған. Дегенменде, біз жеңімпазбыз. Үлкен қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахмет.

Қос құрама арасындағы қарымта кездесу Спорт сарайында наурыздың 3-і күні сағат кешкі жетіде басталады.

 

 

Риат Шони