Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қалалық әкімдік сайлаушылар тізімін бекітті

Қалалық әкімдік берген тізім бойынша №644-ші учаскесіне Тоқсан би, Абай, Интернационал және Астана көшелерінің тұрғындары бекітілген. Барлығы 1300-ге жуық сайлаушы. Осы ретте айта кетейік, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін наурыздың 19-ына дейін алуға болады.

Қанат Сәдуақас – №644 сайлау комиссиясының төрағасы:

-Егер сайлаушы тізімнен өзінің аты-жөнін таба алмайтын болса, онда өз округінде құрылған сайлау учаскесіне мекен-жай анықтамасы мен төлқұжатының көшірмесін алып келуі тиіс.

Наурыздың 20-сы 150 мың петропавлдық саяси науқанға қатысады деп күтілуде. Ресми мәлімет бойынша, қалалық мәслихаттағы орындарға 58 кандидат таласады. Барлығы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге құқық беретін куәлікті алыпты.

Евгений Мамыкин – қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

 

-Қала бойынша 90 сайлау учаскесі құрылды. Петропавлдықтар 19 округтік сайлау учаскесінде қалалық мәслихат депуаттарына дауыс бере алады. Әр учаскеде сайлаушыларға үш сайлау бюллетені таратылады. Олар қала, облыс және мәжіліс депуттатарына дауыс береді.

Айта кетейік сайлау учаскелері наурыздың 10-ынан жұмысын бастайды.

Берік Қасен