Қоғам

Қала басшысы көп балалы аналарды 8-наурыз мейрамымен құттықтады

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі:

-Қазіргі кезде қоғамның барлық саласында да әйелдің алатын орны артып келеді. Әйел жүрген жерде жылу мен жықсылық имандылық бар. Сіздерді бойларыңызда ақыл мен парасат, сабырлық пен шыдымдық сияқты қасиеттер әрқашан бірге жүреді.

Бұдан соң 14 нәзікжандыға қала әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Марапатқа қол жеткізгендердің бірі Мауа Мамекова.

Колхоздасдастыру кезінде масақ теріп мал баққан нәзікжанды отағасы екеуі 10 баланы бағып-қағып жеткізген. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, 15 немереден 3 шөбере сүйіп отырған жайы бар. Қарт ананы қазіргі жастардың бірнеше баламен шекетеліп қалатыны аладатады.

Мауа Мамекова, «Алтын алқа» иегері:

-Отағасымен 45 жыл отасып балаларды жеткіздік. Балаларымның үлкені ендігі зейнет жасында. Барлығына жоғары білім беріп оқыттық. Қазір ортаншы ұлмының қолында тұрамын.

Бүгін 5-6 бала дүниеге әкелген аналар да марапатталды. Қазір олардың саны айтарлықтай көп емес. 44 жастағы Татьяна Подлесная – бақилық болған құрбысының 2 баласын бауырына басқан. Өзінің 10 перзенті тағы бар. Немере де сүйіп үлгеріпті. Балаларым бауырмал болып өсуі үшін мейірім мен махаббатымды аямаймын дейді жерлесіміз.

Татьяна Подлесная, «Алтын арқа» иегері:

-Үлкенім 24 жаста. Кенжеміз 3-те. Аралары бір-бір жарым жыл. Ересектері бауырларына қарасып, бірінің артынан бірі өсіп келеді. Тамақтандыру мен киімдерін жуу жағы ептеп қиындау. Оларға жәрдем ақы аламын. Мектепте тегін тамақ қарастырылған. Лагерлерге барады. Балаларымның 10-ы мектеп жасында.

Балалы үй базар демекші, бүгін шаңырақтары сәби күлкісінің сыңғырына толы аналарды келе жатқан мерекелерімен құттықтаушылар көп болды.

 

 

Акбопе Танирберген