МТРА жаңалықтары

Өрт сөндірушілер оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді

Жанарбек Ахметов- СҚО ТЖД №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

-Сағат 11:05-те қоңырау келіп түсті. Бірден 3 бөлімнің қызметкерлері тартылды. Олар ең алдымен театр қызметкерлерін сырқта шығарып, кейін бықсып жанған сахнаға қарай бет алды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Құтқарушылар нысанның сыртқы бөлігінде сатылардың болуы қызыл жалынды жылдам ауыздықтауға көмектесті дейді. Олар бірден өрт шыққан жерге сатыны пайдаланып, кіре алған.

Асқар Тоқтарбаев- СҚО ТЖД №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

-Мұндай оқу-жаттығулар керек деп ойлаймын. Құтқарушылардың даярлығын байқадық. Диспетчерлер мен театр қызметкерлерінің де оқыс оқиға кезіндегі әрекеті тексерілді. Бұл өрт күрделі болып саналады. Өйткені мәдени ошақ болғандықтан кісілер саны көп болуы мүмкін. Оның үстіне түрлі құрылғылар көп. Сондықтан жедел әрекет етіп, жалынды жылдам ауыздықтау қажет. Осындай жағдайда өрт сөндірушілер жақсы жұмыс істеді.

Енді құтқарушылар оқу-жаттығу жиындарының қортындысын шығарып, осындай оқиғалар кезіндегі қызметкерлердің жұмысын бағалайтын болады. Бұл шара республикалық “Көктем-2016” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындарының аясында өткізілді. Ол құтқарушылардың су тасқыны кезінде орын алатын оқыс оқиғаға даярлығын тексеру мақсатында ұйымдастырылған.

 

 

Магжан Ахмадина