Қоғам

Мереке қарсаңында солтүстікқазақстандық нәзік жандыларға ІІМ-нің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды

Бекзат Байкенова әділет капитаны шенін алды. Ал департаменттегі пробация қызметіне басшылық жасау бөлімінің аға инспекторы Жанна Шакиржанова министрліктің қаулысымен “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздік қызметкері” атанды. Нәзік жанды сотталушылармен 10 жылдан артық жұмыс істеп, қылмысты азайтуға атсалысып жүр.

Жанна Шакиржанова – СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне басшылық жасау бөлімінің аға инспекторы:

 

-Мен сотталушылармен жұмыс істеймін. Оларға әлеуметтік- құқықтық тұрғыдан кеңестер беремін. Аудандарға жиі шығып, пробация жұмыстарына сараптама жасаймын. Бұл жұмыс әйелдер үшін оңай деп айта алмаймын. Дегенмен саналы түрде таңдаған мамандығым. Әйелдер мерекесі қарсаңында ішкі істер министрлігі еңбегімді елеп жатқанына ризамын.

Салтанатты шарада 17 нәзік жанды Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының қолынан алғыс хат пен грамота алды. Осы күні мезгілінен ерте қайтыс болған, қызметкерлердің жесірлері де назарсыз қалмайды. Көктемнің нұрлы мерекесінде оларға да сыйлықтар үлестрілді.

Осы күні қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, ерекше ықыластарын көрсетті.


Берік Қасен