Энергетика

Жылу есептеу құрылғысын орнатпағандар 2017 жылы жылу ақысын 28 пайызға артық төлемек

Ирина Полякова – “Қазақстан” ПИК төрайымы:

-Біз жылу есептегіш құралын орнатқаннан кейін “ТҮКШ жаңғырту” бюағдарламасына жүгініп, есік, терезе және шатырымызды жаңалап алдық. Суық подъездерді сылап, шұрық-тесік жерлерін қымтадық. Қазір үйіміз жылы әрі жылу ақысы да қымбат емес.

ЖЕҚ-сын мүмкіндігінше жыл соңына дейін орнатып алған дұрыс болады. Өйтпеген жағдайда баспана тұрғындары жылу ақысын деференциалды тариф бойынша төлемек.

Магауия Сағандықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры:

 

-2017 жылдан бастап жылу реттегіш құрылғыларын орнатпаған баспана иелері жылу ақысын дифференциалды тариф бойынша 28 пайызға артық төлуге міндеттеледі. Пәтер иелері кооперативтері немесе үйдің үлкені жоқ үйлерде жылу есептегіш құрылғысын орнатуға болады. Ол үшін сол үйдегі тұрғындардың үштен екісі (3/2) құралды қоюға келісімін беру қажет.

ЖЕҚ-сын орнату үшін баспана тұрғындары қалалық әкімдікпен келісім-шартқа тұрады.
Егер де қолда қаражат болмаса құралдың ақысын, яғни 800 мың теңгені төрт жылға бөліп төлеуге болады. Бұл шамамен әр пәтерге айына 250-300 теңгеден шығады. Жалпы осы жылдың аяғына дейін 537 көпқабатты баспанаға жылу есептегіш құрылғысы орнатылуы тиіс. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 400 мың теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Берік Қасен