Құқық қорғау органдары

Жыл басынан өңірде жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 12 мың факті тіркелген

Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

-2015 жылы облыс аумағында 135 мыңға тарта әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның 73 мыңға жуығына қатысты айыппұл салынып, 548 млн теңгесі мемлекетке қайтарылды. Айыппұлды өндіріп алу көрсеткіші 68,4 пайызды құрады.

Бүгінде облыс аумағында – 38, ал Петропавл қаласының өзінде 16 автомектеп бар екен. Алайда, жиынға қатысушылардың айтуынша оларда көліктің қыр-сырын меңгеруге толық мүмкіндік жоқ. Мәселен, қала тұрғыны Александр Антоновтың темір тұлпарды жүргізу құжатына оқып жатқандығына 1 жарым ай болған. Дегенмен ол өзі сияқты үйренушілерге қосымша сабақтардың мүлде өтпейтіндігін айтады.

Александр Антонов – қала тұрғыны:

-Біз көлікпен әлі толықтай жүріп үйренбедік. Ұстаздарға қосымша сабаққа жазылайын десең, ондай ереже бізде бекітілмеген деп ақталады.

Евгений Зубков – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК филиалы №3 мамандандырылған бөлімінің басшысы:

-Біз қаладағы бүкіл автомектептермен меморандум жасасқанбыз. Барлықтарыңыз жүргізу куәлігін алуға емтихан тапсырар кезде толықтай қосымша сабақтардан өтесіздер.

Жиында, сондай-ақ, қала көшелерінде орнатылған заманауи бейне камералардың жұмысы да сөз болды.

Болат Жексембинов – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

-Былтыр біз шаһарға автоматты жүйеде жұмыс істейтін тағы үш бірдей арнайы техникалық құрылғы орнаттық. Фото және бейне тіркегіш жүйелердің көмегімен 27 мыңнан аса жол-қозғалыс ережелерінің бұзылуы анықталды. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың екі айы ішінде 929-ды көрсетіп отыр.

Отырыс соңында залға жиналғандар брифинг ұйымдастырушаларына жол-қозғалыс ережелерінің жаңашылдықтары мен айыппұл мөлшерлеріне қатысты басқа да сұрақтарын қоя алды.

 

 

Култанов Байболат