Мәдениет

Петропавлда “Таңшолпан” вокалдық орындаушылар байқауы өтті

14-15 жастағы 4 жігітті көрермендер жылы қарсы алды. Ресейлік «Любэ» тобын сүйіп тыңдайтын ұлдар «Позови меня» әнін орындап жиылғандардың ықыласына бөленді. Бұрын жеке-жеке ән салған олар бірнеше апта бұрын ғана квартет болып құрылып, бүгін алғаш рет бір сахнада өнер көрсетіпті. Еш қобалжыған жоқпыз, жеңіске деген үмітіміз мол дейді жас таланттар.

Әмен Бақыт, Дарынды балалар үшін музыкалық-эстетикалық саладағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы:

-Қарсыластарымыз көп. бірақ олардың ешқайсынан қаймықпаймыз. жеңістен үміттіміз.

Бүгін – байқаудың финалдық кезеңі. Бірнеше апта бұрын өткен іріктеу сынына 60-тан астам әнші ұл-қыз қатысқан. Бүгінгі жобаға олардың 31-і ғана өткен.

Жанара Мұқатаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ саз пәндері кафедрасының аға оқытушысы:

-Бірінші кезеңнен шын мықтыларды іріктеп алдық. Енді нағыз лайықталардың арасында бақталастық өтуде.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдарға ие болады. Өзге қатысушылар да бірнеше номинация бойынша марапатталмақ.

 

 

Акбопе Танирберген