Денсаулық сақтау

Өңірде ақпанның 11-інен науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру бастау алды

Геннадий Жуков – емделуші:

-Дәріханаларда маған қажет дәрілер өте қымбат тұрады. Мәселен, жүрек ауырғанда ішетін “клаписан” дәрісі 4 мың теңгенің маңайында. Оның ішінде 14 таблетка ғана бар. Ол маған екі-ақ жұмаға жетеді. Емхананың тегін дәрі бергені өте жақсы болды.

Жалпы, №1 қалалық емхананың бір ғана кардиологиялық кабинетіне күн сайын 20-ға жуық емделуші келеді. Оларға 60-тан аса қажетті дәрі-дәрмектің рецепті жазылады екен. Алайда, кез келген емделуші мұндай мүмкіндікке ие емес. Дәріханалардан тегін дәрі алу үшін міндетті түрде диспансерлік есепте болу керек.

Лариса Телюк – №1 қалалық емхананың терапевтік учаскелер меңгерушісі:

 

-Дәріханаларадан тегін дәрі-дәрмек алу үшін емханада міндетті түрде анализ тапсыруы қажет. Содан соң ғана барып емделушінің диагнозы шығарылады. Егер де науқастың жағдай мүлде нашар болса ол диспанцерлік есепке алынады. Кей жағдайларда тұрғындардың сырқат түрлері диспанцерлік есепке тұруға сай келмей жатады.

Сондай-ақ, енді науқастар емхана сайтының “онлайн рецепт” қызметі арқылы да рұқсат қағазға өтінім жаза алады. Айта кетсек, тегін дәрі-дәрмек тарату өңірімізде ақпанның 11 басталған болатын. Содан бастап тұрғындарға 12 мыңға жуық рецепті берілген.

Култанов Байболат