МТРА жаңалықтары

Өңір нәзікжандылары облыстың әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді араласып жүр

Бақытжан Сәмиева – “СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ төрайымы:

-Біз бірінші кезекте өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне барынша ат салысып, іскер әйелдердің беделін қалыптастыруға мән береміз. Облыстың нәзікжандылары әр сала да белсенді екендіктерін дәлелдеп келеді. Соңғы уақытта өлкеде кәсіпкер нәзікжандылардың саны да айтарлықтай артып отыр.

Расында да, қазір “жеке ісімді ашамын, кәсібімді өркендетемін” деген кәсіпкер нәзікжандыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінге дейін теріскейде “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы арқылы ісін бастаған 553 кәсіпкердің – 104-і әйел азаматшалар.

Бақытжан Сәмиева – “СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ төрайымы:

-Өткен жылдың өзінде ғана өңірлік үйлестіру кеңесінде солтүстікқазақстандық іскер азаматшалардың 42 өтініші мақұлданды. Кәсіпкер нәзікжандылар басқаратын өндіріс орындарында еңбек ететін 760 жұмысшы қызметін сақтап қалды. Есесіне бұған қосымша тағы жаңадан 200 жұмыс орны ашылды.

Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиеваның есебінен соң кезек тілшілер қауымына берілді. Жергілікті БАҚ өкілдерін ауылдық округ әкімі лауазымында жүрген жандардың жұмысы қызықтырды. Осы күні бұл жауапты қызметті теріскейде 37 нәзікжанды атқаруда.

 

 

Бакыт Садуакасов