Әр түрлі

Наурыз айындағы орташа ауа температурасы -7-10 градус аралығында болады

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” РМҚ СҚОФ инженер-синоптигі:

-Екінші онкүндіктің бірінші жартысында түнде 12-17, күндіз 4-9 градус аязға дейін күн суытады. Одан кейін түнде минус 8-13 градусқа, күндіз 2-7 аязға, кей жерлерде 3 градус жылыға дейін ауа райы жылына бастайды.

Ал айдың үшінші онкүндігінде сынап бағанасы күндіз -3-пен -8-ді, ал түнде -7 градусты көрсетпек. Мерекеге толы көктемнің шуақты мезгілінде жиі тұман болып, қатты жел соғады деп күтілуде.

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” РМҚ СҚОФ инженер-синоптигі:

-Бірінші онкүндіктің басында солтүстік-батыс бағытынан соғатын жел шығыс бағытына ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Айдың соңында солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/ дейін күшейеді.

Қанша дегенмен жерлестеріміз наурыз айында жылы күндердің жиі болғандығын қалайды.

-Көктем айының жылы болғаны дұрыс. Өз басым наурыз айы әлі де суық болады деп ойламаймын.

-Көктем болғандықтан жайдары ауа райының болғандығын асыға күтеміз. Осы айда құбылмалы күндер аз болса екен.

Тарихқа көз жүгіртсек, синоптиктер өңірде ең суық ауа температурасын 1954 жылдың 3-ші наурызында тіркеген. Ол күні сынап бағанасы -36 градусқа дейін төмендепті. Ал ең жылы күн 2008 жылдың 30-шы наурызында орын алған. Бұл күні ауа температурасы +14 градус жылылықты көрсетіпті.

 

 

Бакыт Садуакасов