МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметкерлердің қатарын 12 жас маман толықтырды

Светлана Зайцева – ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

-Бұл конкурс таза, мөлдір өтті. Байқауға еліміздің кез-келген азаматы қатыса алды. Бүгін өз бағын сынағандардың арасынан 12 үміткер озып шықты. Олар енді арнайы тексерістерден соң мемлекеттік қызметкерлердің қатарын толықтырады. Байқау шарты бойынша әр мамандықтың өз талаптары бар. Бастысы үміткердің жоғарғы білімі болуы қажет. Қазіргі таңда бізде әлі 4 бос орын бар.

Жолы болып, ай оңынан туғандардың бірі Әлия Мұхамеджанова. Заңгер маманы бойынша 2015-ші жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ін аяқтапты. Бұған дейін мемлекеттік қызметке жұмыс істеп көрмеген нәзік жанды алдағы уақытта мансабымды жоғарылатып, өзімді жақсы қырынан көрсетемін дейді.

Әлия Мұхамеджанова – ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы:

-Байқау мен үшін қиын болды. Тестілеуде түрлі сұрақтар кездесті. Бірақ өз білімімді тиісті деңгейде көрсете алдым.

Сондай-ақ, бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаментінде менеджмент күні ұйымдастырылды. Шара барысында мекеменің жұмысымен ПҚЭК студенттері танысты. Заңгер маманына оқып жүрген Манарбек Рүстемов ведомство қызметкерлерінің жұмысынан мол мағлұмат ала алдым дейді.

Манарбек Рүстемов – ПҚЭК студенті:

-Бүгін мен әкімшілік бөліміндегі жұмыстармен таныстым. Өте қызық. ҚР жаңа заңдарымен таныстым.

Жалпы қазіргі таңда өңірімізде 5 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Оның 30-пайыздан артығы жастар.

 

Риат Шони