Қоғам

Петропавлда “WorldSkills Kazakhstan-2016” конкурсы аяқталды

Шолпан Каринова,СҚО білім басқармасының басшысы:

-Еліміздің болашағы бүгінгі жастар. Қазір техникалық кәсіптің иелері үлкен сұранысқа ие. Мәңгілік ел жастары біздің ертеңіміз.

Байқау 8 кәсіптік мамандықтың арасында өткен болатын. “Үздік тәрбиеші” аталымы бойынша қатысқан М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 4-ші курс студенті Мадина Кабдуллина екінші орынға қол жеткізді.

Мадина Кабдуллина:

-Өз мамандығымды жақсы көремін. Балалармен жұмыс жасаған ұнайды. ЕНді келер жылы Республикаға жолдама алу үшін тырысамын.

Вячеслав Зеников болса байқау басталғанда Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде оқып жүрген. Бірнеше күн бұрын дипломын қолына алып үлгерген ол, дәл осы байқауда “Үздік аспаз” атанды. Бұл уақытқа дейін дайын маман қаладағы мейманханалардың біріне жұмысқа тұрыпты. Бүгін ол бағалы сыйлық пен алтын медаль тағынды.

Вячеслав Зеников,Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің түлегі:

-Ең жақсы шыққан тағамым десерт болды. Одан бөлек сорпа мен екінші тағамды да әзірледік. Қатысушылардың барлығы да мықты. Дайындығымның арқасында жеңіп щықтым. Енді республикалық кезеңге қамдана бастаймын.

Шара соңында осындай шәкірт тәрбиелеп отырған педагог мамандар арнайы сертификаттармен марапатталды. Ал, өз мамандықтарының үздігі атанған 8 студент “WorldSkills Kazakhstan-2016” республикалық жобасына жолдама алды. Одан өткен қатысушы халықаралық кезеңге қатыспақ. Салтанатты шара флешмобпен аяқталды.

 

 

Акбопе Танирберген