Қоғам

Петропавлда “Этно-fashion” ұлттық киімдер байқауы өтті

Мәдина Қабжанова – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы:

-Тақия – түріктердің ұлттық бас киімі. Ол түрлі тастар мен әшекейленген. Оның артында орамал бар. Ол әйел адамның арқасын көрсетпеу үшін тағылған.

Жалпы бүгінгі байқауға теріскей жерін мекендеген 15 ұлттың өкілдері қатысуда. Осындай шара арқылы олар өздерінің дәстүрлерін басқаларға танытпақ.

Сахнада мұң бұралған армян халқының өрендері. Жастар ұлттық киімдерін киген, би қимылдары да өздеріне тән. Байқауға өнерпаздар тыңғылықты дайындалыпты.

Карина Сафарян -“Кентрон” армян этномәдени орталығының мүшесі:

-Біз бүгінгі байқауда өз ұлтымыздың бар мұрасын көрсету үшін дайындалдық. Әріптесім екеуміз армяндардың киімін кидік. Осындай шара арқылы елімізде тұратын басда халықтардың салт-дәстүрін білуге болады. Бір сөзбен айтсам барлғы көңілімнен шықты.

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған “Алғыс айту күні” мерекесі әлемде теңдесі жоқ институт Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл байқау өңірімізді мекендеген түрлі ұлттардың арасындағы татулықтың маңызын тағы да айшықтай түскендей. Шара соңында өнерпаздардың барлығына бағалы силықтар мен дипломдар табысталды.

 

 

Култанов Байболат