Спорт

Петропавлда конькимен мәнерлеп сырғанаудан үйірме ашылды

Бұл мүмкіндікті қалт жібермегендердің бірі Айым Шәкей. 8 жастағы балғын қыз конькимен мәнерлеп сырғанауды қатты ұнатады екен. Бүгін үйірмеге екінші рет келіп отыр.

Айым Шәкей – конькимен мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысушы:

-Мәнерлеп сырғанау ол денсаулыққа өте пайдалы. Бізді үйірмеге мектепте жазды.

Айым мен бірге үйірмеге туған әпкесі Айгерім Шәкей де келеді. Нәзік жанды алғаш рет конькиге 4 жасында тұрыпты. Содан бері қыс келісімен бос уақытын мұз айдынында өткізетін болыпты. Қазір шама-шарқынша мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын меңгеруде.

Айгерім Шәкей – конькимен мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысушы:

-Мен мұнда сіңіліммен келіп жүрмін. Өзімде спортпен айналысамын.
1-19 Бұрындары “Қарасай” мен “Жастар” стадионына барып жүретінбіз. Енді міне жаз айында да конькиге тұра алатын мүмкіндікке ие болып отырмыз.

Араға 33 жыл салып қайта жанданған спорт түріне әзірге ден қойған балалардың саны аз. Конькимен мәнерлеп сырғанау үйірмесінде қазір 16-ға жуық жасөспірім жаттығады.

Ирина Новохацкая – конькимен мәнерлеп сырғанаудан бапкер:

-Конькимен мәнерлеп сырғанаудан үйірме осы аптаның басында ғана ашылды. Бүгін сабақтың екінші күні. Балалар ең алдымен мұзда 2 сағат сырғанап, кейін жарты сағат залда денелерін шығдайды. Негізінен бұл спортқа баланы 5 жастан бастап беру қажет.

Жалпы конькимен мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылу 5 мың теңге тұрады. Бір айда 12 сабақ өтеді. Үйірмеге жасөспірімдерді қабылдау әлі де болса жүргізіліп жатыр.

 

 

Риат Шони