Қоғам

Петропавлда көктемнің алғашқы мерекесін студенттер мен педагогтар да атап өтті

Анеля Жигарловская – ардагер ұстаз:

-Мен Алматыға, Абай атындағы педагогикалық институтқа түстім. Еңбек жолымды Павлодар облысынан бастадым. Қазақтар мені өте жылы қабылдады. Еш шеттеткен емес. Қасымдағы достарымның барлығы да өзге ұлт өкілдері болды. Жақын араластық. Әкем – поляк, анам – украин. Бүгінгі күн мен үшін ерекше. Оның маңыздылығын, әсіресе, бізден кейінгі ұрпақ түсінсе деймін.

Көктемнің алғашқы мерекесінде гуманитарлық-техникалық колледждің ұжымы аяулы ұстазды 80 жылдығымен құттықтап, арнайы төс белгімен марапаттады.

Александр Мерк – гуманитарлық-техникалық колледждің директоры:

-Өзім неміс ұлтының өкілімін. Бұл күн мен үшін өте маңызды. Сонау жылдары қазақ жері қаншама ұлтты бауырына басып, барымен бөлісті. Жақсылықты ұмыту мүмкін емес. Болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуіміз керек. Сондықтан дәл осы күні біз ардагер ұстазымызды, украин ұлтының өкілін қонаққа шақырып, 85 жылдық медальмен марапаттадық. Алғысымызды білдірдік.

Енді алғыс айту күнін колледж ұжымы мен студенттері ардагер педагогтармен бірге жыл сайын атап өтуді жоспарлап отыр.

 

 

Айгерим Ержанова