Қоғам

Облыстық ІІД бастығы Алғыс айту күні бірқатар солтүстікқазақстандықтарды марапаттады

Жақсылық Ысқақов – Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы:

-Жеткіншектер мен жастарды мұражайларға әкеліп, тарихымызды үнемі айтып отыру қажет. Жастар тарихты жақсы білсе, елдің болашағы да жарқын болады.

Кезінде елдің дамуына сүбелі үлес қосқан бұл азаматтар бүгінде қоғамдық шараларға белсенді араласып, жас тәртіп сақшыларын тәрбиелеуде атсалысып жүр. Осы еңбегі үшін ІІД-нің бастығы Берік Біләлов қарияларға зор алғысын айтып, ведомство хатын табыстады.
Осы күні қоғамдық тәртіпті сақтауда, және өңірдегі ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға тәртіп сақшылары да үлес қосып жүр. Олар қылмыспен күресіп, тәулік бойы халықтың тыныштығын күзетуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Алғыс айту күні тәртіп сақшыларының еңбегін ескерді.
Салтанатты жиын барысында тарихшылар өткенге қысқаша шолу жасады. Өзге этностардың Қазақстанға жаппай қоныс аудару себептері мен сол нәубет жылдарында халықтырдың басынан өткерген қиыншылықтарын айтты.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры:

-1936 жылдың маусым мен шілде айы аралығында Украинадан 60 мыңға жуық жуық поляк және неміс жер аударылды. 1944 жылы СҚО-на 20 700-ден астам шешен-ингуш ұлты, 9 350 корей, 79 мың неміс, 21 мың полякты мәжбүрлі түрде жер аударды.

Ғалымдардың мәліметінше, саяси қуғын-сүргін өткен ғасырдың 20-шы жылдары бастау алып, 30-шы жылдарға дейін жалғасқан. Бүгінде ІІД мұрағатында саяси-қуғын сүргінге ұшыраған 9 500-ден астам адамға қатысты іс сақтаулы. Жерлесіміз, поляк қызы Инна Калмыкова арғы атасы туралы барлық мәліметті осы жерден тапты. Нәзік жандының атасы 80 жыл бұрын Украинадан жер аударылып, Қазақ жерінде ату жазасына кесілген.

Инна Калмыкова – саяси қуғын-сүргін құрбанының немересі, Аққайың ауданының тұрғыны:

 

-Арғы атам Станислав Сек пен әжемді 1936 жылы Украинадан мәжбүрлі түрде жер аударды. Атам сауатсыз, қатардағы қарапайым сарбаз болатын. Ол түрмеге қамалып, атылды. Ал артында төрт баласымен қалған әжемді 8 жылға соттады. Өйткені әжем 4 баласы аш қлмас үшін масақты ұрлаған болатын. Олар поляктар болған. Кішкентай екі егіз баласын балалар үйіне тапсырып, 10 жастағы қызын, яғни менің әжемді жалғыз қалдырды.

Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, бүгінде қуғын-сүргінге ұшыраған бабаларын әлі күнге дейін іздеп жүрген азаматтар бар екен.

Берік Қасен