Мәдениет

Петропавлда жерлесіміз Қуандық Қасымовқа арналған облыстық өнер фестивалі өтті

Құдайберген Қалиев – Солтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы»:

-Қуандықпен мен Соколовкада таныстым. Бірге жұмыс істедік. Ол мәдениет бөлімін басқарды. 02:22-38/Бір кереметі, ол алған жұмысын тыңғылықтап, аяғына дейін жеткізетін. 2 жыл бірге істеді. Берілген тапсырманың барлығын атқара білді.

Жангелді Тәжин – Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернатының директоры:

-Қуандық Ишанғалиұлы өнердің әр саласында еңбе етті. Өзінің таңбасын қалдырды. Музыкалық білімі болғаннан кейін алдымен шәкірт тәрбиеледі. «Ақбидай» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрды.Ол кезде оңай шаруа емес еді.

Қуандық ағаның өнерге деген талпынысы бала кезден-ақ байқалған. Ол әкесі Ишанғалимен бірге жүріп, домбырада ойнауды үйренді. Ал одан білген-түйгендерін соңынан ерген бауырларына көрсетіп отырған.

Жұбаныш Қасымов – Қуандық Қасымовтың қарындасы:

-Қуандық менің үлкен ағам. Отбасында 6 болдық. Ағамыз халықтың баласы болып өсті. Өнерді ерте жастан бастады. 01:22-28/ Қай жерде жүрсе де домбырасын тастамайтын еді. Сол қасиетіне тәнті болатынмын.

Бұл күні тұңғыш рет өңірімізде Қуандық Қасымов атындағы облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылды. «Өнерді ұлықтаудан шаршамаған» атты сайысқа аудан мен Петропавл қаласының өнерпаздары қатысты. Алғашқы болып сахнаға «Сәулем-ай» әнімен Гүлжаз Құлманова шықты.

Ғабит Мүсірепов ауданынан келген қатысушы жекелей де, топпен де өнер көрсетті.

Құлманова Гүлжаз – фестивальға қатысушы:

-Бүгінгі фестивальға мен Ғ.Мүсірепов ауданынан халық әнін «Сәулемайды» алып келдім. Қуандық аға халық әндерін сүйіп тыңдады. Біз оған еліктейміз, сол кісі сияқты болсақ деп армандаймыз.

Байқауға 20-ға жуық өнерпаз келді. Оның 8-і түрлі аталым бойынша марапатталып, ақшалай сыйға қол жеткізді. Бұл игі шараны келесі жылы да жалғастыру жоспарланған.

 

 

Айгерим Ержанова