Спорт

Петропавлда үлкен топтағы мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден “Жұлдызша 2015” облыстық чемпионаты аяқталды

Қанат Сәдуақас – СҚО білім басқармасы спорт, дене шынықтыру және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры:

-9 команданың сапында 135 ойыншыдан бар. Енді бұл турнир салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Бұл ойындар 3 жас ерекшелігі бойынша жүргізіледі. Осы жолы жоғарғы буын ойыншыларының кездесуін тамашалаудамыз. Хоккейдің деңгейі өңірде жақсы қарқын алып келеді.

Бүгін Спорт сарайына жиналған көрермендер ақтық кезеңге сүрінбей өткен, М.Жұмабаев және Есіл аудандарынан келген хоккей құрамаларының кездесуін тамашалауда.

Мұз айдынына шыққан қос құрама бірін бірі бұрыннан біледі. Алғашқы минуттардан жұмабаевтық хоккейшілер ойын тізгінін қолдарына алып, қарсылас қақпа ішіне алғашқы шайбаны дарытты. Алғашқы периуд 1-де 0 есебімен аяқталды. 2-ші кезеңде есілдіктер есеп санын теңестіруге амалдағанымен, оларынан түк шықпады. Ал соңғы кезеңді өз пайдасына шеше білген М.Жұмабаев ауданының хоккейшілері тағы 2 шайбаны дәл бағыттап жеңіске жетті. Қорытынды есеп 3:0.

Михаил Калиниченко – М.Жұмабаев ауданы құрамасының ойыншысы:

-Бапкеріміз бізге бар білген-түйгенін үйретуден жалыққан емес. Биылғы жеңісіміз жаттықтырушымыздың қажырлы еңбегінің арқасы деп білемін. Аудан орталығында өзіміздің жаттығатын хоккей қорабымыз да бар.

Кейін “Жұлдызша 2015” облыстық чемпионатының үлкен топтағы ойындарының ақтық кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінген балалар марапатталды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар үздік шабуылдаушы, қорғаушы мен қақпашыны анықтап, дипломдар табыстады. Соңғы марапатқа Валерий Сергиенко ие болды.

Валерий Сергиенко – ойыншы, Есіл ауданы:

-Бұл спорт түрімен 4 жылдан бері қол үзбей айналысып келемін. Бізге бүгінгі жарыста 1-ші орынды алуға сәл сәттілік жетіспеді. Ойыншыларымыз мықты болғанымен де, біраз шаршаңқырап қалды.

“Жұлдызша 2015” облыстық чемпионатының кіші топтағы ойындары наурыз айында өтеді.

 

 

Бакыт Садуакасов