Қоғам

Наурыздың 1-і алғыс айту күні

Наиль Салимов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Тойланғалы тұрған мейрам жалпыхалықтық маңызға ие. Ұлт көшбасшысы ҚХА Ассамблеясының XXII сессиясында 1 наурызды барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні деп жариялау туралы ұсыныспен сөз сөйлеген болатын. Ертең Петропавл мен облыс аудандарында бірқатар маңызды шаралар өткізілмек.

Наурыздың 1-і жерлес зейнеткерлерімізге құрмет ретінде “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы да қайырымдылық жасауды ұйғарыпты. Бұл күні зейнеткерлер қоғамдық көліктерде ақы төлемей, тегін жүретін болады.

Галина Семенова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

-Бұл күні зейнеткерлерге ерекше құрмет көрсетеміз. Бұл күні қарияларға барлық бағыттағы автобустарда жол жүру ақысы тегін болады. Тек қарттардың өздерімен бірге зейнетке шыққандығын растайтын құжаты болуы шарт.

Жалпы петропавлдықтарды күн сайын діттеген жеріне жеткізуге кәсіпорынның 340 қоғамдық автобусы жолға шығады.

 

 

Бакыт Садуакасов