МТРА жаңалықтары

Береке ауданында жиһаз дүкені ашылды

Мәрияш Елеусізова- «Береке» ауданының тұрғыны:

-Мұндағы жиһаз керекмет әдемі. Бағалары да бізді қуантуда. Рахмет. Осындай дүкендер ашыла берсін.

Диван, үстел, орындық шкафтардың мұнда түр-түрі бар. Шетелде емес, өзімізде жасалған өнімнің сапасы жақсы. Сондықтан талғамға сай затты таңдап алуға болады. Жиһаздан бөлек, мұнда гүлдерден жасалған композиция, картиналар сынды әрлеу бұйымдары мен шамдардың сан түрі табылады.

Елена Левина- «Левин» ЖК директоры:

-Шоурум стилінде ашылып жатқан нысанның ішінен барлық керек-жарақты табуға болды. Баспанаңызды өзіңіз армандағандай, бір стильде безендіруге болады. Келешекте осыған дейін ашылған дүкендерімізді де осы жүйеге түсірмекпіз. Тұрғындар үшін ыңғайлы болады.

«Береке» бүгіндері гүлденіп келе жатқан қаламыздың шағын аудандарының бірі. Сондықтан мұнда қазір баспаналар мен әлеуметтік нысандар көптеп тұрғызылуда. Оның үстіне инфрқұрылымды да дамыту қажет.

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі:

-Елбасы инфрақұрылымды дамыту бойынша тапсырма берді. Яғни біз халыққа қолжетімді, әрі сапалы қызмет көрсету нысандарын тұрғызу керекпіз. Міне бүгін «Береке» ауданында да жиһаз сауда орыны қолданысқа беріліп жатыр. Келешекте осы ауданда 7 баспана, балабақша салынатын болады. Сондықтан дүкенге деген қажеттілік үлкен.

Айта кету керек, кәсіпкер дүкенді ашу үшін мемлекет қолдауына жүгінген. Олар «БЖК-2020» бағдарламасына қатысып, 30 млн теңгеге жуық несие алыпты.

 

 

Магжан Ахмадина