МТРА жаңалықтары

2015-2019 жылдары СҚО-да 100 млрд теңгенің 60 жобасы іске аспақ

Бұл мақсатта 2016 жылы 4,5 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Алпамыс Жүсіпов – СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-2015-ші 2019-шы жылдар аралығында біздің өңірде 60 жоба іске асырылады. Оның құны шамамен 100 млрд теңге болмақ. Жалпы алғашқы 5 жылдықта облыс аумағында 1 мың 500 жұмыс орны ашылып, шамамен 32 млрд теңгеге 32 жоба іске қосылды.

Өңірде өнеркәсіп саласы қарқынды дамуда. Өткен жылдың өзінде ғана облыс зауыттарынан 121 млрд теңгенің тауары өндірілді. Былтыр машина жасау мен дайын металл бұйымдарын шығару да екі есеге артқан.
Шетелдік компаниялармен әріптестік орнату да мықтап қолға алынды. Мәселен, биыл, жыл соңына дейін жапондық «Марубеникорпорейшн» компаниясымен 509 млн теңгеден астам қаржыға, ал ресейлік «Уралмаш Холдингімен» 51 млн теңгенің келісім шарты жасалмақ.

Алпамыс Жүсіпов – СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-2015 жылы біздің өңірдің машина жасау кәсіпорынына шамамен 27 млрд теңгенің тапсырысы түсті. Ал жасалған келісімшарттар шеңберінде зауыттар 19,5 млрд теңгенің тауарын шығарды. Жалпы ағымдағы жылы 81 млрд теңгені құрайтын ұзақ мерзімді келісім шарт әзірлену үстінде.

Инвестиция тартуда біздің өңір ел бойынша көш бастап тұр. Қаржының көп бөлігін шетелдіктер ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтау (складирование), сонымен қатар өнеркәсіп саласына құюда.

Алпамыс Жүсіпов – СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Биыл біз қытайлықтармен бірге 36,5 млрд теңгенің «көлік-логистикалық орталығын салуды» қолға алдық. Сондай -ақ, дәнді-дақылдарды терең өңдеу зауытын салуды да жоспарлап отырмыз. Бұл жобаның құны 100 млрд ТЕҢГЕГЕ жуық.

Сондай-ақ, өңірде жыл соңына дейін тағы бірнеше кәсіпорын ашу көзделуде. Оның ішінде тез дайындалатын тағамдар шығаратын және саңырауқұлақтың қозықұйрық түрін өсіріп, оны өндіретін зауыттар бар.

 

 

Айгерим Ержанова