МТРА жаңалықтары

1 наурыз- Азаматтық қорғаныс күні

Төлеген Бектембаев-СҚО ТЖД жедел құтқару жасағы кезекшілік-диспетчерлік қызметінің басшысы:

-Батпақта жүруге арналған. Ол қарапайым көліктер бара алмайтиын жерлерге оңай жете алады.

Балғындар бұл күні құтқару көліктеріне мінді, автосатымен биікке көтерілді. Бір сөзбен айтқанда, олар үшін құтқарушылардың жұмысы толығымен көрсетілді.

-Мына көлік маған қатты ұнады. Ол өте жақсы. Дөңгелектері де үлкен.

-Бүгін біз машиналардың ішін қарадық. Қалай адамдарға көмектесу керектігін білдік. Противогаздарды кидік.

Бұл шара азаматтық қорғаныс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Алаңға тек оқушылар ғана емес, тұрғындар да келіп, құтқарушылардың жұмысымен танысуда. Кейін мұнда жиылғандар үшін өрт сөндірушілердің апаттық жағдайдағы әрекеті көрсетілді.

 

 

Магжан Ахмадина