Бизнес және экономика

Сыртқы көрнекілік жарнамаларға төлем мөлшері азайды

Жеңіс Қазиев, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

-Бұл мәселе бойынша 2015 біздің эксперттер сараптама жүргізді. Нәтижесінде шамадан тыс қымбат сыртқы көрнекілік жарнамасын беруді көп кәсіпкердің қалтасы көтермейтіні белгілі болды. Отандық өнім мен орта және шағын бизнесті дамытамыз десек жарнама төлемін азайтуымыз керек. Сондықтан бұл мәселені Облыстық Мәслихат пен әкімдікке жолдадық. Сұрақ 5 ай көлемінде қаралды. Нәтижесінде төлем мөлшері 50 пайызға төмендетілетін болды.

2010 жылға дейін «Арт city» жарнама агенттігінің көмегіне солтүстікқазақстандық 5 бірдей кәсіпорын тұрақты түрде жүгініп тұрған екен. Кейін бірде-бір жергілікті кәсіпкер жарнама бермеген. Қазір асқақтап тұрған төлем мөлшері бірден 50 пайызға қысқартылды.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

-Петропавлда мынандай 150 билборд бар. Кейінгі бес жылда мұның бетіне жарнама орнатуға банктер мен ірі компаниялардың ғана шамасы жеткен. Ал, қазір бұл қызмет құны төмендеп, кішігірім өндірушілерге де қолжетімді болып отыр.

Бұл өңірде өндірілетін Отандық тауарларды қала көшелеріндегі сыртқы көрнекіліктер көмегімен жарнамалауға үлкен мүмкіндік.

Александр Ещанов, «Арт city» жарнама агенттігінің директоры:

 

-Төлемнің екі есе көтерілуі кәсіпкерлердің жарнама беруді тоқтатуына алып келді. Ал, қазір бізге қайтадан 5 жыл бұрынғы салық мөлшері қайта қалыпқа келтірілгенін айтып, кәсіпкерді тарту керек. Бұл үшін кем дегенде жарты жыл уақыт шығындаймыз.

Айту керек бүгінде Петропавлда 5 ірі жарнама агенттігі жұмыс жасайды.


Акбопе Танирберген