Білім

Өңір ұстаздарына білім беру саласындағы жаңа өзгерістер таныстырылды

Саят Нүсіпов – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

-Біз пилоттық жоба ретінде тестілеуді компютермен тапсыруды енгізіп жатырмыз. Өйткені, қағазбен толтырғанда қате көп кетеді. Былтырғы өзгерістен соң “Алтын белгі” алған балалар саны көбейді. Екіншіден үздік бітірген оқушылар саны артты. Орта балды шығарамыз. Болашақта әр өңірде аймақтық тест орталығын ашу жоспарда бар. Ол яғни бір күнде көп баланы сынақтан өткізбей, жоспарлы түрде бірнеше ай тестілеуден өткізу ойда бар.

Сондай-ақ, биылдан бастап мектеп оқушыларының жетістігін сырттай бағалау ережесіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Осыған дейін тестілеуді 9-сынып шәкірттері тапсырып келсе, енді бұл тізімге 4-сыныпты аяқтаушылар да қосылған.

Татьяна Гаптич – СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бөлім басшысы:

-Бұған дейін оқу жетістіктерін сырттай бағалауда 9-шы сынып оқушылары 4 пәннен тест тапсырса, жаңа өзгерістерден кейін олар тек 2 пән бойынша ғана сынақтан өтеді. Ал 4-ші сынып оқушылары математика және әдеби оқудан тест тапсыратын болады.

Жиын соңында Астанадан келген ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ҰБТ тапсыруға тілек білдірген түлектермен психологиялық даярлық жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.

 

 

Бакыт Садуакасов