МТРА жаңалықтары

Алғыс айту мерекесіне орай Ана үйіндегі жас аналар сыйлықтарға ие болды

Әсел Сахауова – жас анна:

-Маған мұнда өте ұнайды. Барлық жағдай жасалған. Тамақ тегін. Мен қазір жұмысқа орналастым. Енді пәтер жалдап тұра алатын жағдайым бар. Маған қиын кезде көмек көрсеткен “Ана үйі” қоғамдық қорына алғысым шексіз.

Бүгін орталықта мереке. Үй тұрғындарын Алғыс айту күнімен облыстық іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері құттықтады.
Сондай-ақ, орталық тұрғындарының қуанышын № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушылары да бөлісті. Балғындар шағын концерт дайындапты.

Жалпы облыс орталығындағы Ана үйі 11 нәзік жандыға шақталған. Ашылғанына екі жылға жуық уақыт өтіпті. Осы күнге дейін мұнда 18 жас ана қамқорлықта болған екен. Жалпы бұл жерге қиындыққа тап болған 18 бен 30 жас аралығындағы әйелдер келе алады.

Бүгінде аналар үйінде 2 бос орын бар. Сондықтан көмекке мұқтаж қолында сәбиі бар жалғызбасты нәзікжандылар үшін орталықтың есігі әрдайым ашық.

 

 

Риат Шони