Қоғам

Петропавлда 3 мыңнан астам адам алимент төлеуден жалтарып жүр

Марал Жакушева – СҚО әділет департаментінің алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша сот орындаушысы:

-2015 жылдың 8-ші қаңтарынан Ермолаев Виктордың ісі менің қарауымда. Ол бізге келіп есеп беріп тұрады. Баласынан бас тартпағанын да айтады. Бірақ, ол қарызын өтеу үшін еш әрекет жасап жүрген жоқ. Тұрақты жұмысы да жоқ. Сол себепті, біз оның тұратын мекен жайына шығып, оған келесіде әкімшілік жаза қолданылатынын ескерттік. Бірақ, оның жағдайы қылмыстық іске дейін баруы мүмкін.

Қазір Виктордың баласы 24 жасқа толса да, бұрынғы әйелі ұлының әкесінен тиісті қарызын қайтаруды заңды түрде талап етуде. Бүгінде оның перзенті алдындағы борышы шамамен 1 млн теңгеге жеткен. Қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушылары да тиісті шаралар қолдануда.

Облыс орталығында қазір алимент төлеуден жалтарып жүргендердің саны 3 мың 200-ге жуықтап қалған. Олардың қарызы 60 млн теңгені құрады.

Шырылдап тұрған бұл әйел – борышкер әке Юрий Кинустың анасы. 4 жылдан бері ер азамат баласына алимент төлемей, жалтарып жүр. Үйінде де болмай шықты. Анасы Галинаның айтуынша, қатыгез әке баласынан гөрі шөлмекке жақын екен. Немересіне төленбеген

Галина Кинус – борышкер Юрий Кинустың анасы:

-Мен не істейін енді. Балам үшін қарызын өтей алмаймын. Зейнетақым небәрі 35 мың теңге ғана. Өзі арақ ішіп, күн сайын мас боп жүреді. Наркологиялық орталықта да тіркелген. Немерем келгенде шамам келгенше көмек беремін. Кейде қолына 5 мың теңге ұстатамын. Балам жұмыссыз жүр. Өзіне күнде айтамын. Адам болатын түрі жоқ.

Жалпы өткен жылы алименттік төлем жасаудан жалтарып жүрген 100 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

 

Айгерим Ержанова