Мәдениет

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған қайырымдылық шарасы өтті

Жалпы ұйымдастырушылар Ұлы Отан соғысы ардегерлеріне арналған бұл қайырымдылық шарасын 2011 жылдан бері еліміздің әр қаласын аралып өткізіп жүр. Арамызда соғысты көрген көнекөздер сирей бастағанымен, өнерпаздар музыка арқылы кейінгі ұрпақты елімізді, жерімізді жаулардан қорғаған қаһармандарды құрмет тұтуға үйретуді мақсат тұтқан.

Ал, Тимур Орманшеев пен Еркебұлан Сапарбаевтың аспаптарда орындаған Бетховен, Моцарт, Брамс сынды әлемге танымал композиторлардың классикалық туындыларына жұрт қошеметтерін аямады.

Еркебұлан Сапарбаев, ҚР Мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрінің скрипкашысы:

 


– «Дегдар» гуманитарлық қорының қолдауымен «Времен связующая нить» атты жобамызды бесінші жыл жүзеге асырып келе жатырмыз. Оның аясында Қазақстанның көптеген қаласын аралап концерт бердік. Ардагерлер аз болғандықтан біздің шараға олардың ерлігін ұмытпайтын жастар көптеп келеді. Негізінен классикалық туындыларды халықтың аса қызуғушылықпен тамашалайтыны қуантады.

Бүгінгі мәдени кеш солтүстікқазақстадықтардың көңілінен шығыпты.

–  Әлем елдеріне танымал әуендер ойналды. Өте керемет.
–  Мәдени және рухани демалып шықтық. Мұндай шаралар жиі болса екен.

Бұл – Елордадан келген өнер ұжымының Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрмет тұтуға арналған 42-ші қайырымыдылық концерті.

Акбопе Танирберген