Қылмыс

Петропавлда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды

Кенет ол сатшуғыа тап берген. Әйелді қолындағы пышағымен қорқытып әшекей бұйымдары мен кассадан 30 мың теңгені алып тайып тұрған.
Қылмыскерді анықтауға кіріскен тәртіп сақшылары Петропавл қаласының бұрын сотталмаған 30 жастағы тұрғынын ұстайды.

Күдікті:


–  Аяқ киім дүкенін тонадым. Дүкенге кіріп, сатушыны қорқытып, ақша мен алтындарды алып, бой тасаладым. Жұмыссыз жүргендіктен осындай әрекетке баруға мәжбүр болдым.

Дүкенде бақылау камерасы орнатылғандықтан қарақшы бетін қанша тұмшаласа да оны табу қиындық тудырмаған. Жедел уәкілдер ұрыны бейне жазбаның көмегімен 10 сағаттың ішінде құрықтапты.

Наталья Милешина – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімінің аға тергеушісі:

– Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Петропавлдық қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы жыл басынан өңірде дүкендерге 4 рет қарақшылық шабуыл жасалған екен.

Магжан Ахмадина