Өнеркәсіп

“Шаров В.Н” жеке кәсіпкерлігі шұжық пен ет өнімдерінің 70 түрін өндіреді

Серіктестікте 4 цех бар. Мына цехта шұжыққа қажетті ет тартылып жатыр. Құрылғының қуаты бір салғанда 200 келі етті турауға жетеді.

Кәсіпорын өз ісін дамытуда мемлекеттің қолдауына жиі жүгінеді. “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы арқылы ескірген қондырғыларын біршама жаңалап алған.

Светлана Кирилкина – “Шаров В.Н.” ЖК технологы:


– Біздің шұжықтарымыз өзіндік дәмімен, иісімен, табиғи құнарлылығымен ерекшеленеді. Себебі, тауардың дайындалу технологиясына қатты мән беріледі. Нарыққа шығарылған өнімдеріміз еліміздің әр аймағында үлкен сұранысқа ие. Есіл және Шал ақын аудандарында өзіміздің мал етін қабылдайтын орындары бар.

Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлік 40 петропавлдықты тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етіп отыр. Айгүл Сапарованың осы жерде қалыптаушы болып қызмет етіп жүргеніне 15 жыл толыпты. Нәзікжанды күн сайын өткізілген еттен шұжықтың сан алуан түрін жасап шығарады.

Айгүл Сапарова – “Шаров В.Н” ЖК қалыптаушысы:

– Жұмыс жағдайы көңілімнен шығады. Ай сайынғы еңбекақымызды уақытында беріп тұрады. Ұжымда ауызбіршілік бар, қажет кезде басшылық қаржылай көмек көрсетеді.

Жалпы “Шаров” жеке кәсіпкерлігі тәулігіне шұжық және ет өнімдерінің 1 тоннасын әзірлейді.

 

Бакыт Садуакасов